Диктант — КГУ «Отдел образования Тайыншинского района» КГУ «Новогречановская основная школа»

Диктант

«Новогречановка негізгі мектебі» КММ
2025 жылғы 4 қараша күні «Новогречановка негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, сауаттылық деңгейін арттыру және тіл мәдениетін нығайту мақсатында «Ұлттық диктант» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға мектептің педагогикалық ұжымы белсенді қатысып, 16 мұғалім диктант жазды. Диктант жүргізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілінде сауатты жазу дағдысын жетілдіру және қоғамда тілге деген құрметті арттыру болып табылады.
Шара барысында қатысушылар өздерінің тілдік құзыреттіліктерін бағамдап, мемлекеттік тілге деген жауапкершілігін көрсетті.
Осындай іс-шаралар ұстаздардың тілдік мәдениетін жетілдіруге, сондай-ақ жас ұрпаққа үлгі көрсетуге ықпал етеді.

Поделиться с друзьями
КГУ «Отдел образования Тайыншинского района» КГУ «Новогречановская основная школа»