Бүгін, яғни 1 желтоқсанда, өмірді, арманды және қасыңдағы адамдарды қорғау туралы маңызды тақырыпта бейнероликтер қарауға арналған іс-шара өткізілді. Қазіргі әлем өте жылдам өзгеруде, жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіптер де пайда болуда. Солардың қатарында — дропперлік, лудомания (құмар ойынға тәуелділік) және нашақорлық бар.
Сендер, жасөспірімдер, үлкен өмірдің табалдырығында тұрсыңдар. Дәл осы кезеңде әрбір таңдау болашақты айқындайтынын түсіну аса маңызды.
Дропперлік — бұл «оңай табыс» та емес, ойын да емес, жеңіл жолмен ақша табу мүмкіндігі де емес. Бұл — қылмыс, онда көбіне жасөспірімдерді «құрбан» ретінде пайдаланады. Бір ғана қате қадам — заңмен қиындыққа ұрындырып, өмір бойына беделге нұқсан келтіруі мүмкін.
Лудомания, яғни ойынға тәуелділік, байқалмай басталады: «тек бір байқап көрейін», «тек ойнап көрейін», «тек бір рет қоя салайын» дегеннен басталады. Бірақ бұл «ойын» біртіндеп адамның өзіне деген сенімін, оқуын, отбасы ішіндегі қарым-қатынасты бұзып, өмірдегі бақылауды тартып алады.
Нашақорлық — әрдайым төмен қарай апаратын жол. Ол денсаулықты, болашақты, достарды, арманды жояды. Ешбір жағдайда есірткі адамды бақытты немесе табысты еткен емес.
Есте сақтаңдар:
Сенің қателігің — оның көз жасы.
Анаң, әкең, туған-туыстарың — сендерге сенеді. Олар сендерді мықты, табысты және бақытты болып көргісі келеді. Олардың көз жасы — жеңіл өмірді уәде еткен бөгде адамдардың сөзі үшін жақындардың төлейтін өтеуі.
Бірақ әрқайсыңда таңдау бар.
Сендер қиратып емес, құратын, көңіл қалдырып емес, шабыттандыратын, адал еңбегімен нәтижеге жетіп, айналаңды жақсартатын тұлға бола аласыңдар.
Қоғамға пайдалы бол.
Достарыңды қолда, спортпен айналыс, шығармашылықпен шұғылдан, мектеп жобаларына қатыс, алдыңа мақсат қой және өз күшіңе сен.
Сендер — Қазақстанның болашағысыңдар.
Бұл болашақ таза, мықты әрі жарқын болсын — бүгінгі қабылдаған шешімдеріңнің арқасында.
Сегодня т.е. 1 декабря было проведено мероприятие по просмотру видео роликов о важном: о том, как беречь свою жизнь, свои мечты и тех, кто рядом с вами. Мир вокруг меняется быстро, и вместе с новыми возможностями появляются новые опасности. Среди них — дропперство, лудомания и наркомания. Вы, подростки, стоите у порога взрослой жизни. И именно сейчас важно понимать: каждый наш выбор определяет будущее. Дропперство — это не «быстрые деньги», не игра и не шанс легко заработать. Это преступление, в котором подростков часто используют как «пешек». Один неправильный шаг — и последствия могут быть очень серьезными: от проблем с законом до разрушенной репутации на всю жизнь. Лудомания, или игровая зависимость, начинается незаметно: «просто попробую», «просто поиграю», «просто один раз поставлю». Но эта «игра» постепенно разрушает уверенность в себе, учебу, отношения в семье и лишает человека контроля над своей жизнью. Наркомания — это путь, который всегда ведет вниз. Она забирает здоровье, будущее, друзей, мечты. Нет ни одной истории, в которой употребление помогло человеку стать счастливее или успешнее. Запомните: Твоя ошибка — её слёзы. Мама, папа, родные — они верят в вас. Они хотят видеть вас сильными, успешными и счастливыми. Их слёзы — это цена, которую платят близкие за чужие обещания лёгкой жизни. Но у каждого из вас есть выбор. Вы можете быть теми, кто строит, а не разрушает. Теми, кто вдохновляет, а не разочаровывает. Теми, кто честно добивается результатов и делает мир вокруг лучше. Будь полезен обществу. Поддерживай друзей, занимайся спортом, увлекайся творчеством, участвуй в школьных проектах, ставь перед собой цели и верь в свои силы. Вы — будущее Казахстана. И пусть это будущее будет чистым, сильным и светлым — благодаря вашим решениям уже сегодня.

